12 -30 қыркүйек аралығында мектеп, мектепке дейінгі білім беру және колледж мұғалімдеріне арналған Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық олимпиадасы

ЭЖ

yelnoora@gmail.com

07.09.22

ЕРЕЖЕ

Мектеп, мектепке дейінгі білім беру және колледж мұғалімдеріне арналған Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық олимпиадасы

I. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже мектеп, мектепке дейінгі білім беру және колледж мұғалімдеріне арналған Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін, өткізу, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айқындау тәртібін айқындайды. 

1.2. Олимпиаданың мақсаты: ынтасы жоғары педагогтардың шығармашылық және танымдық әлеуетін анықтау, кәсіби белсенділігін көтеру.

1.3. Олимпиаданың негізгі міндеттері:

- педагог қызметкерлердің шығармашылық қызметін дамыту;

- мұғалімдердің кәсіби белсенділігін арттыру;

- арнаулы орта, кәсіби-техникалылық оқу орындарының және мектептердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

II. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

2.1.   Олимпиаданы ұйымдастырушы ғылыми мекемелердің, мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) қатысуымен «Urker Mitec» Зияткерлік орталығы болып табылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Олимпиаданы дайындау мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Олимпиаданы өткізу мерзімін анықтайды;

- Олимпиаданың әдістемелік комиссиясының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

- Олимпиада қорытындыларын талдайды және қорытындылайды.

2.2. Олимпиаданың әдістемелік комиссиясы тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін әзірлейді.

III. Олимпиада қатысушылары

3.1. Олимпиаданың қатысушылары мектеп, мектепке дейінгі білім беру және колледж мұғалімдері болып табылады.

3.2. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

IV. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Олимпиада онлайн түрде өткізіледі.

4.2. Олимпиадаға қатысу үшін қатысушы:

- есеп жазбасының балансын Kaspi мобильді қосымшасы арқылы, «Urker Mitec» төлем атауын таңдау арқылы төлем жасап;

- өтінішті толтырып (Қосымша А);

- толтырылған өтініш, сканерленген төлемақы түбіртектерін iq_college@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.

4.3. Олимпиаданы өткізуге арналған материалдар және нұсқаулар білім беру ұйымдарына берілген өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жіберіледі.

4.4. Олимпиадада тапсырмаларды шешуге уақыт шектеулі, осы уақыт ішінде қатысушы тапсырмаларға жауап беруі керек. Өту уақыты олимпиаданың сипаттамасында көрсетіледі.

4.5. Олимпиада үшін ең жоғары ұпай саны тапсырмалар құрамына байланысты қалыптасады.

4.6. Қатысушының жауаптарын тексеру және бағалау автоматты түрде жүргізіледі.

4.7. Олимпиадаға қатысушылар осы Ереженің нормаларын сақтауға міндетті.

V. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

5.2. Олимпиадаға қатысу тәртібі, жеңімпаздар мен жүлдегерлер туралы ақпарат ашық болып табылады, олимпиада www.iqcollege.kz сайтында жарияланады.

 

 

А қосымша 

                                 Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық  қашықтық олимпиадасына қатысуға өтініш

 

Облыс_______________________________________________________________

Аудан (қала)__________________________________________________________

БбҰ атауы ___________________________________________________________

БбҰ басшысының аты-жөні _____________________________________________

БбҰ мекенжайы мен телефондары(кодымен)_______________________________

БбҰ электрондық мекенжайы ___________________________________________

Олимпиаданы өткізу үшін жауапты тұлғаның аты-жөні _____________________________________________________________________

Байланыс ұялы тел.:_____________________ е-mail:_________________________

                                                         Олимпиада қатысушылары туралы мәліметтер

                                                                                    (кестенің сәйкес ұяшығына енгізіңіз)

Қатысушының аты-жөні

Мектеп, колледж немесе балабақшаның атауыатауы

Оқыту тілі

1

 

 

 

2

 

 

 

3